Тағы 6 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда тағы 6 адам коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Алматы, NEGE. "Қазақстандағы 2020 жылғы 4 сəуір сағат 22:45-тегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы. Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 6 адам тіркелді, олардың ішінде Нұр-Сұлтан қаласы - 3, Қызылорда облысы - 2, Жамбыл облысы - 1", - делінген хабарламада.
Елімізде коронавирус жұқтыру бойынша барлығы 531 жағдай тіркелген. Олардың ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласы – 219,
Алматы қаласы – 110,
Қызылорда облысы – 30,
Қарағанды облысы – 27,
СҚО – 25,
Түркістан облысы – 23,
Атырау облысы – 22,
Ақмола облысы – 20,
Шымкент қаласы – 13,
Жамбыл облысы – 11,
Алматы облысы – 10,
Ақтөбе облысы – 10,
ШҚО – 4,
БҚО – 2,
Маңғыстау облысы – 3.
Павлодар облысы – 1,
Қостанай облысы – 1.