USD
USD
USD

NCOC «Жомарт жүрек» байқауында жылдың үздік ұйымы атанды

NCOC (Cолтүстік Каспий консорциумы) демеушілік көмек көрсететін республикалық ұйымдар арасындағы «Жомарт жүрек» байқауында «Жылдың үздік ұйымы» деп танылды.

NCOC «Жомарт жүрек» байқауында жылдың үздік ұйымы атанды
Фото: NEGE.kz

Қуанышты хабарды консорциумның баспасөз-қызметі хабарлап отыр. Жобаның мақсаты - жұртшылықты, бизнесті, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен еріктілерді өз өңірін дамытуға ынталандыру, көтермелеу және қолдау. Байқауды «Рухани жаңғыру» аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жыл сайын ұйымдастырып келеді.

Биыл сыйлық иегерлері келесі номинациялар бойынша анықталды: «Жыл меценаты», «Жыл тұлғасы», «Туған өлке», «Ерен ерліктілік», «Жылдың үздік ұйымы».

NCOC компаниясы әлеуметтік маңызы бар жобаларды тиімді жүзеге асырып, қоғаммен өзара әрекеттесудің жаңа формаларын енгізгені үшін «Жылдың үздік ұйымы» номинациясына ұсынылып, жеңіске жетті.

NCOC өзі жұмыс істейтін өңірді жыл санап жақсартуға бар күшін салып келеді. Солтүстік Каспий консорциумының әлеуметтік бағдарламалары басталғаннан бері 20 жылдан астам уақыт ішінде NCOC тарапынан жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға 788 миллион АҚШ долларынан астам қаржы құйылған. Қаражат инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандардың құрылысына, демеушілік және қайырымдылық жобаларын іске асыруға бағытталды.

Қазір NCOC денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және инфрақұрылым саласындағы маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Және осы бағытта ол Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімдіктерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Денсаулық

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Полиция, Әл-Фараби даңғылы

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

сот шешімі

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Денсаулық