USD
USD
USD

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында жоғалып кеткен 10 жастағы баланың денесі табылғанын хабарлады.

Баланы іздеу
Фото: Видеодан кадр/ ТЖМ

Астана, NEGE. 2016 жылы туған бала үйінен шығып кетіп, сол күйі қайта оралмаған. 

Іздестіру жұмыстары 29 наурызда басталған. Сарыжар ауылы маңында тәулік бойы жүргізілген іздеу жұмыстарына ТЖМ, полиция, жергілікті атқарушы органдар өкілдері, әскери қызметшілер, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.

«Бүгін Мәртөк ауданында ТЖМ сүңгуірлері 2016 жылы туған жоғалған баланың денесін тапты. Дене Елек өзенінен жағадан шамамен 3 метр қашықтықта, 1,5 метр тереңдікте анықталды», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Сүңгуірлерге өзен иірімі, қатты ағыс, қалың өсімдік жамылғысы мен лайлы су қиындық келтірген.

ТЖМ өкілдері өзен-су маңында мынандай қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет екенін ескертеді:

  • балаларды судың жанында қараусыз қалдырмаңыз;
  • өзендер мен көлдер маңында ойнауына жол бермеңіз;
  • қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңіз;
  • жабдықталмаған жерлерде шомылудан аулақ болыңыз, әсіресе ағыс қатты болған жағдайда аса сақ болыңыз.

Қазір оқып жатыр

Ақорданың ақпараттық блогында кадрлық ауыс-түйістер болды

Евгений Кочетов, Қанат Құлшыманов

Дзюдошы Бексұлтан Құлмырза V Азия Пара ойындарында ел қоржынына тағы бір алтын медаль салды

Бексұлтан Құлмырза

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы ұсталды: СІМ түсініктеме берді

Заң

Ресейлік рэпер NAVAI Қазақстаннан шығарылды: оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Наваи Бакиров