USD
USD
USD

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Астанада болған қайғылы өрттен үш баласынан айырылған әйел есін жиды. Алайда дәрігерлер оның жағдайын әлі де ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.  

Денсаулық
Фото: Pixabay

Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жетінші тәулік қатарынан ем қабылдап жатыр.

Травматолог дәрігер Марат Сабировтың айтуынша, науқастың жағдайының ауырлығына күйік жарақаты, тыныс алу жолдарының зақымдануы және ағзаның улануы себеп болған.

«Қазіргі таңда пациент есін біледі, берілген бұйрықтарға жауап береді. Барлық қажетті дәрі-дәрмекпен ем жүргізілуде. Тыныс алу өкпені жасанды желдету аппараты арқылы қамтамасыз етілуде. Жүрек қызметі мен артериялық қысымы тұрақты», – деді дәрігер.

Зардап шеккен әйел әлі де елордадағы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Оның психологиялық жағдайы туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.

Еске салайық, 12 сәуірге қараған түні Астананың Есіл ауданында, Түркістан көшесіндегі 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатында өрт шыққан. Тілсіз жау кезінде 20 адам эвакуацияланғанымен, пәтер ішінен үш кәмелетке толмаған баланың денесі табылды. Сондай-ақ бір әйел күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Қалалық полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Ал ТЖД мәліметінше, пәтер темір есікпен жабылып, екі құлып салынғандықтан, құтқарушылар есікті арнайы құралдардың көмегімен бұзып кірген.

Қазір оқып жатыр

ҰҚК әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты жүргізілген тексеру нәтижесін жариялады

Нурлан Сабуров

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жауапты болған Наиль Нұров қамауға алынды

Наиль Нұров

Астананың жылу, электр және су желілері 4,5 млрд теңгеден астам қаржыға жаңартылмақ

Жөндеу жұмысы

«Челсиге» ауысатын Дастан Сәтпаев 17 маусымда «Қайрат» сапындағы соңғы матчын өткізеді

Дастан Сәтпаев