USD
USD
USD

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Жақында Баян Алагөзова қызғылт камзол киіп түскен видеосын жариялап, бұл камзол «Қыз Жібек» фильмінде басты рөлді ойнаған актриса Меруерт Өтекешованікі екенін айтты. Сондай-ақ ол қымбатқа бағаланатын бұл музей экспонатын үйінде сақтайтынын жеткізді.

Баян Алагөзова
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Астана, NEGE. Мәдениет және ақпарат министрлігі продюсердің осы видеосына қатысты пікір білдіріп, камзолдың жеке қолға қалай өткені анықталып жатқанын мәлімдеді.

Министрлік мәліметінше, «Қазақфильм» киностудиясының музей қорында «Қыз Жібек» фильмінде пайдаланылған бір камзолдың түпнұсқасы сақтаулы. 

«Бұл жәдігер ұлттық кино өнерінің маңызды мәдени мұрасы ретінде қорғалған. Ал продюсер жариялаған жазбадағы екінші камзолдың жеке қолға қалай өткендігі анықталуда», – делінген хабарламада.

Бұған қоса «Қазақфильм» киностудиясы ұлттық мәдени мұраны келешек ұрпаққа жеткізу үшін ұлттық фильмдерде пайдаланылған құнды реквизиттерді, костюмдер мен басқа да тарихи маңызы бар заттарды жүйелі түрде жинақтап, қалпына келтіру және сақтау жұмыстарын жүргізіп келе жатқаны айтылған.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші