USD
USD
USD

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты

Белгілі қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Алагөзова «Қыз Жібек» фильмінде актриса Меруерт Өтекешова киген камзолға қатысты туындаған сын-пікірлерге жауап берді.

Баян Алагөзова
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Астана, NEGE. Продюсер бұл мәселенің негізсіз ушыққанын атап өтті.

«Ұлттық мұра саналатын Қыз Жібектің камзолы – кейбіреулердің айтуынша, әлдебір олигархтың әйелі, дәулетті әйелдің қолына өтіпті-мыс. Енді қарасаң, менің атым да, атағым да, елімнің өнері мен мәдениетіне сіңірген еңбегім де жоқ болып шықты. Ендеше, журналистер, алдымен «олигарх» дегеннің не екенін ғаламторлан іздеп көріңіздер. Менің күйеуім олигарх емес, ол – ел қазынасына қомақты салық төлейтін адал әрі абыройлы кәсіпкер» – дейді Баян Алагөзова.

Продюсердің айтуынша, 50 жылдан астам уақыт бұл камзолды ешкім іздемеген, қызығушылық танытпаған. 

«Неге бұған дейін: «Атақты фильмнің костюмдері қайда? Олар қайда сақталған?» – деген сұрақтарды қоймадыңыздар? Бұл камзолды жалғыз әйел сақтап қалған. Ол осыдан 30 жыл бұрын камзолды қоқысқа тастауға жол бермеген. Қазақстандағы бірде-бір басшылық «Ұлы фильмнің костюмдері қайда? «Қыз Жібек» фильмінің киімдері неге музейде жоқ?» деген мәселені көтерген емес. Себебі, ол кезде бұл дүниелер ешкімге қажет болмаған», – деді продюсер.

Сонымен қатар, Баян Алагөзова бұл камзолдың ешбір ресми құжатта тіркелмегенін, яғни заң жүзінде мүлде есепке алынбағанын атап өтті. Оның айтуынша,«Қазақфильм» киностудиясының мұражайы бұл тарихи жәдігерге жаңа тыныс бере алмайды. Продюсер сондай-ақ дамыған елдерде сирек кездесетін құнды бұйымдардың жеке адамдардың қолында сақталуы қалыпты тәжірибе екенін еске салды. Бұдан бөлек, ол камзолға қатысты алдағы жоспарын да бөлісті.

Продюсердің мәлімдеуінше, келесі жылы ұлттық сұлулық және мәдениет байқауы – «Қазақ аруы» аясында камзолдың айна-қатесіз көшірмелері тігіледі. Оның пікірінше, Меруерт Өтекешева көзі тірісінде өзіне арналған тұтас бір байқауға лайық тұлға.

Алагөзова өз қызметін игілік жолына бағыттайтынын атап өтті. Оның айтуынша, кейбіреулер оның әрекетіне наразылық білдіргенімен, бұл жағдай оны тоқтатпайды. Продюсер камзолдың өзіне тиесілі екенін жеткізді.

Баян Алагөзова алдағы уақытта да Қазақстанның танымал әйелдеріне тиесілі сахналық және тарихи костюмдерді сатып алуды жалғастыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Атап айтқанда, ол Роза Рымбаеваның костюмдерін алғысы келетінін жеткізді.

Ол сондай-ақ видеодағы жазбасында Қыз Жібектің камзолын сатып алмағанын, оның өзіне тегін берілгенін атап өтті. Продюсер жазбасында РТ деп атаған адамға алғыс білдірген.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, «Қазақфильм» киностудиясының музей қорында «Қыз Жібек» фильмінде пайдаланылған бір камзолдың түпнұсқасы сақтаулы. Ал продюсер жариялаған жазбадағы «екінші камзолдың» жеке қолға қалай өткендігі анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

Нұрсұлтан Назарбаев

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Баян Алагөзова

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

Баланы іздеу