USD
USD
USD

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Алматының ірі даңғылында қауіпті жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция, Әл-Фараби даңғылы
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде Әл-Фараби даңғылында бір топ жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұза отырып, қауіпті маневрлер жасағаны бейнеленген видео анықталды.

Бейнежазбада олардың қарсы бағыттағы жолаққа шығуы, күрт маневрлер жасауы, апатты жағдай туындатуы және қауіпсіздік талаптарын елемеуі тіркелген.

Жедел жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде аталған құқық бұзушылықтарға қатысы бар барлық жүргізушілер анықталып, ұсталды.

Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Абдинур Тасыбаевтың айтуынша, құқық бұзушыларға қатысты қауіпті маневр жасау, қарсы жолаққа шығу, жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін жағдай туындату, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалану, сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпау фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылған.

Қазір оқып жатыр

Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған мұнай компаниясы «ҚазМұнайГазға» өтті

.

Футболдан Қазақстан бірінші лигасында бапкер бас төрешіге су шашып жіберген

су шашқан

«Әділет» партиясын елдегі ең ірі қоғамдық және салалық бірлестіктер қолдады

.

«Көзқарасымыз сәйкес келмейді»: Давид Лория Марат Омаров туралы ойын айтты

.