10 Ақпан 15:50

Мұнай бағасы арзандауда

Фото:

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (OPEC) 2020 жылдың наурызында министрлер кездесуін өткізу туралы шешімінен кейін мұнай бағасы арзандап кетті.

Алматы, NEGE. Инвесторлар Қытайдағы коронавирусқа қатысты ОПЕК+ елдері қандай шешім қабылдайтынын күтіп отыр.

Brent маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерсі 0,31%-ға төмендеп, бір баррелі 54,30 доллардан сатылуда. WTI маркалы  мұнайдың баррелінің наурыздағы фьючерсі NYMEX-тің электронды саудасында 0,31%-ға арзандап, қазір бір баррелі 50,13 доллардан саудаланып жатыр.

Әзірге ОПЕК+ ұйымы коронавирус мұнай саудасына елеулі әсер ете алмайды деген пайымды ұстануда. Дегенмен сұраныстың төмендеуәні, сәйкесінше мұнай бағасының түсуіне байланысты ұйым мүшелері жыл аяғына дейін өндірілетін мұнай көлемін азайту туралы шешім қабылдауы мүмкін.  

Тегтер: