USD
USD
USD

Оралда полицей өзенге батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалды

Әлеуметтік желілерде БҚО-да су басқан аумақтан бір азаматтың өзен ағысына қарсы тұра алмай, батып кете жаздаған видеосы тарады. Тұрғынды полиция қызметкері Амиржан Бирлесов құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Автордың сөзінше, үкіметтен ешқандай көмек жоқ. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды.

– Суға кете жаздаған тұрғынды аман алып қалған азамат – полиция қызметкері Амиржан Бирлесов. Оған Ұлттық ұлан қызметкерлері, еріктілер, және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көмектесті. БҚО полиция департаменті ӘҚБтК-нің 667-бабына сәйкес құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау заңға қайшы екенін еске салады. Мұндай құқық бұзушылық жасаған адамға 30 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салынады немесе 15 тәулiкке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамауға алынады. Тасқын қауіпі төнген күннен бастап полиция, құқық қорғау қызметкерлері, әскерилер, Ұлттық ұлан сарбаздары және төтеншеліктер су басу қауіпі бар аймақтардағы азаматтарға, су ағысымен кете жаздаған ер адамға да бірнеше рет ескерту жасалған. Өзіңіздің және туыстарыңыздың өмірін қатерге тікпеңіз!, – деп атап өтті БҚО бойынша ПД бастығы Арман Оразалиев.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар