USD
USD
USD

Астанада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Астанада полиция халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Астана, NEGE. «Бөгет» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Астана қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады.

Өзбекстан Республикасының 28 жастағы азаматы кісі өлтіргені үшін іздеуде болған. Қылмыскерді іздестіру бастамашысы Өзбекстан Республикасы Сурхандария облысы ІІБ. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. Елорда аумағында осы жылдың 11 сәуірі мен 11 мамыры аралығында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың діни экстремизм мен терроризм жасауына қарсы іс-қимыл жасау мақсатында «Бөгет» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.