Қостанай: 500 ауыл жарықсыз қалуы мүмкін
Қостанайда «Ауыл энергетикасының мәселелері» тақырыбында бейнеконференция өткізді.
Алматы, NEGE. Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің конференц-залында өткен бейнебайланысқа Қостанай облысы әкімінің орынбасары Виктор Ионенко, Қостанай облысы әкімдігі энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Дәурен Асқаров қатысты.
Жиынның басты тақырыбы – ауылдардағы электр энергетикасының жай-күйі.
«Ауыл» партиясының Қостанай облыстық Саяси кеңесі «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасына ауыл энергетикасының проблемалары бойынша толықтырулар мен ұсыныстар әзірлеп жтыр.
Себебі Қостанай облысының 500 ауылын жалғап тұрған 6 мың шақырымнан астам электр желілері әбден тозған. Олар бүгінде толықтай ауыстыруды қажет етеді.
«Желілер 100% тозған деуге болады. Бұның салдарынан білім сапасы мен ауылдардағы тұрмыс деңгейі нашарлауы тиіс. Электр энергетикасына тікелей әсер етуі мүмкін факторларды тізбектеуге болады. Мәселені «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы арқылы шешуге болады. Қазір толықтырулар мен ұсыныстар енгізуге ниеттіміз», – дейді «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары Валентин Хаданович.
Ал облыстағы электр тартумен айналысатын «ЭПК-forfait» ЖШС бас директоры Александр Рейзлиннің өзіндік уәжі бар.
«Қостанай облысында біз қызмет ететін 215 елді мекеннің тұрғындарының саны 50-ге жетпейді. Тиісінше электр жабдықтау желілерінің ұзындығы 2500 щақырымға дейін жетеді. Бұл өндірістік емес шығындарға жатады. Оған қоса электр желілері әбден тозуға айналды. Оларды тек айырбастау қажет», – дейді.
Жиын қатысушылары мәселені «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы арқылы шешуге уағдаласты.