USD
USD
USD

Абай облысындағы дала өрті Семей орманы алқабына өтті

Бүгін күндіз Абай облысының Бесқарағай ауданы Ерназар ауылдық округінің Қоянбай ауылында құрғақ шөп өртенді.

ТЖМ
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. ТЖМ таратқан дерекке қарағанда, 18 м/с дейінгі екпінді жел өрттің тез таралуына ықпал етті.

Дала өрті ішінара ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Семей орманы» МОТР Морозов филиалының орман алқабына өтті.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтың тапсырмасы бойынша өрт орнындағы құтқарушылар тобы «Семей орманы» бөлімшелерін қолдау және өртті жедел жою үшін күшейтілді.

Жұмысты үйлестіруді ТЖМ Командалық орталығы, жедел штабты вице-министр Батырбек Әбдішев басқаруда. Өрт орнына өрт сөндіру қызметі комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев дереу шықты.

«Жалынды сөндіруге Абай облысы, Павлодар облысы ТЖД, «Семей орманы» және «Ертіс орманы» шаруашылықтарының күштері мен құралдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Барлығы 240 адам және 96 техника тартылды. Облыстың ТЖД бастығы Манарбек Шапағатовтың қатысуымен әуеден барлау жүргізілуде», – делінген ақпаратта.

ТЖМ өрттің одан әрі таралуын болдырмау үшін Экология министрлігіне отпен күресте жан-жақты көмек көрсетуде. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жағдай үнемі бақылауда.

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев