21 Шілде 02:11

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Димаштың шоу-концерті өтеді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары
Фото: ғаламтордан

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Астана төрінде Димаштың шоу-концерті өтеді.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Димаштың анасы Света Айтбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

«Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына» дайындық басталып кетті. Бұйырса, әсем қаламызды көруге келетін қонақтарды құшақ жая қарсы аламыз. Көшпенділер мерекесін Димаштың шоу-концертімен қорытындылаймыз деп жоспарлап жатырмыз. Алда керемет кездесулер, тамаша таныстықтар және қызу дайындықтар… Келеді барлық әлем Астанаға, Қонады Астанаға барша құстар» деген әнімізбен баршаңызды күтеміз», – деп жазды Света ханым.