Димаш тағы бір кино туындының саундтрегін орындайды
Димаш Құдайберген актер
Джеки Чанның фильмінің саудтрегін орындап, «Fresh Asia» хит-шеруінде көш бастады. Енді өнер иесіне италияндықтар колқа салып отыр.
Алматы, NEGE. «Creators: The Past / Создатели: Прошлое» деп аталатын ғылыми-фантастикалық жанрдағы фильмнің түсірілім тобы әлеуметтік желідегі парақшасында әлем таныған Димаштың суретін жариялап, аталмыш кинокартинаның саундтрегін орындайтынын жеткізді.
Италияндық кинотуынды 2016 жылдың тамыз айында үлкен экранға шыққан болатын. Кассалық түсімі табысты, әрі әлемдік деңгейде танымал болған фильм бүгінде ғаламтор қолданушыларының 92 пайызының көңілінен шығып, жоғары бағаланған. Пьержиусеппе Зая таспалаған туындының сценарийін режиссер актриса Элеонора Фанимен бірігіп жазған. Бірнеше танымал әртістердің бой көрсетуімен түсірілген кинокартина ағымдағы жылы жаңа нұсқамен қайта жарық көрмек. Наурыз айының 19-шы жұлдызында көрерменге ұсынылатын туындының тизері ғаламторға шығып үлгерді. Димаштың жаңа фильм саундтрегіне қандай ән орындайтыны әзірге белгісіз.