USD
USD
USD

Демографиялық өсім: Қазақстан халқы 20,4 млн-ға жетті

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, биыл жыл басынан бері Қазақстан халқы 32 мыңнан астам адамға көбейіп, жалпы саны 20,5 млн-нан асқан.

халық
Фото: istockphoto.com

Астана, NEGE. Елдегі демографиялық ахуал ілгерілеу арнасынан жаңылмай, тұрақты өсім үрдісін сақтап отыр. Жыл басында ел халқының саны 20 499 822 адам болса, 1 наурыздағы дерек бойынша бұл көрсеткіш 20 532 240 адамға дейін ұлғайған. Осылайша, екі айға жетпейтін мерзім ішінде халық қатары 32 418 адамға көбейді.

Бұл өсімнің дені табиғи өсімнің еншісінде. Атап айтқанда, табиғи өсім 28 835 адамды құраса, көші-қон сальдосы 3 583 адам деңгейінде қалыптасқан. Мұның өзі елдегі демографиялық серпіннің сыртқы емес, ішкі әлеуетке сүйеніп отырғанын көрсетеді.

халық
stat.gov.kz

Тұрғындардың басым бөлігі қалада шоғырланған. Қалалық жерде 13 085 110 адам өмір сүрсе, ауылдың да демографиялық тынысы тарылмағаны байқалады. Республика бойынша елдімекендердегі қарашаның қатары 7 414 712-ге жеткен.

Өңірлік тұрғыда халық ең көп қоныстанған аймақ Алматы қаласы. Мұнда 2 348 103 адам тұрады. Одан кейінгі орынға 2 149 205 тұрғыны бар Түркістан облысы жайғасса, үшінші сатыда 1 639 176 халқы бар Астана қаласы тұр. Ал халқы ең аз өңір ретінде Ұлытау облысы тіркелді. Аймақта 219 049 адам тұрып жатыр. 

Жоғарыда атап өткендей, демографиялық өсімнің басты тірегі - туу көрсеткіші. 2025 жылы елде 335 мың сәби дүниеге келіп, халық санының артуына сүбелі үлес қосты. Жалпы туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 16,43 деңгейінде қалыптасқан. Әсіресе, Түркістан облысы, Маңғыстау өңірі және Шымкент қаласы жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленді.

Ана болу жасы да біртіндеп орнықты сипат алып келеді. әйелдердің орташа жасы 29,9 жас болса, алғаш рет босанғандардың жасы 25,3 жасты құрады.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды

Құлыбаев

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Бензин, дизель

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

кілт

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?

Лазер