БҰҰДБ-ның есебі: Қазақстан 50 орында
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) жыл сайын 170-тен астам елдің адам дамуы индексі бойынша зерттеуін ұсынады. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында БҰҰДБ негізгі құжаты – «Адам дамуы жөніндегі есебі 2019» есебі жарияланды.
Нұр-Сұлтан, NEGE. «Табыстардан тыс, орташа деңгейден тыс, бүгінгіден тыс: ХХІ ғасырдағы адам дамуындағы теңсіздіктер» деп аталатын есепте Еуропа мен Орта Азиядағы орташа табысы бар елдер, оның ішінде Қазақстанның бұрын-соңды болмаған жоғары өмір сүру деңгейіне қол жеткізгені атап өтілген. Осыған қарамастан, климаттың өзгеруі мен технологиялық табыстар аймақтағы елдердің теңсіздікті азайтудағы ілгерілеуін айтарлықтай төмендетуі мүмкін.
Құжатқа сәйкес, орта топтың азаюы, бейресми және тұрақсыз жұмыспен қамтылудың жоғары деңгейі, әлеуметтік қорғаудағы олқылықтар, білікті және жас жұмысшылардың эмиграциялануы, сондай-ақ, заң алдындағы теңсіздікті қабылдау теңсіздікті үдете түсті.
Адамның өмір сүру деңгейі жақсарғанына қарамастан, теңсіздіктің жаңа түрлері пайда болды. Олар технология мен білімге қолжетімділіктің біркелкі болмауынан туындаған. Қазақстан өз энергиясының 90 пайызын қазбалы отындардан алады, ал жердің 30 пайызға жуығы тозған. Осы аймақ ғылыми зерттеулерге арналған шығыстардың дүниежүзілік көрсеткіші бойынша орташа орынды иеленгенімен, жоғары білікті және төмен білікті жұмысшылардың жұмыспен қамтылу коэффициенті ЭЫДҰ елдеріндегі көрсеткіштерінен әлдеқайда төмен – өркендеген елдерде технология тез дамып келе жатқан кезде бұл проблеманы шешу қиындай түседі.
«Теңсіздік әлеуметтік келісімді, адамдардың үкіметке, институттарға және бір-біріне деген сенімін әлсіретеді. Бұл экономика мен қоғамға едәуір зиянын тигізеді. Қазақстан 1992 жылдан бастап адам дамуының жоғары деңгейіне қол жеткізді. Осыған қарамастан, климаттың өзгеруінен және технологияға біркелкі қолжетімділіктен туындаған теңсіздіктің жаңа түрлерін жою үшін жаңа шаралар қажет», – деді БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш.
Есеп әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктің әртүрлі формаларын үш аспект бойынша талдайды: кірістерден тыс, орташа деңгейден тыс және бүгінгіден тыс және онымен күресудің бірқатар шараларын ұсынады.
Есепте ұсынылған Адамның даму индексі (АДИ) бойынша елдердің рейтингісіне сәйкес, 2018 жылы Қазақстан 189-елдердің ішінен 50-орынға жайғасты. 1990 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде Қазақстандағы АДИ 18,5%-ға, жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс 61,8%-ға өсті. 28 жыл ішінде Қазақстанда бала туудың орташа ұзақтығы 6,5 жасқа, орташа білім ұзақтығы 3,7 жылға, өмір сүру ұзақтығы 2,9 жылға артты.
Есеп берудің қазақстандық бөлімінде қосымша мамандандырылған индекстер бойынша шаралар қарастырылған, мысалы: Адам дамуының теңсіздікке бағытталған индексі (IHDI), гендерлік даму индексі (GDI) және гендерлік теңсіздік индексі. Адамның даму сапасы, гендерлік өлшемдер мен әйелдердің мүмкіндіктері, қоршаған орта және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық туралы жеке ақпарат ұсынылған. Қазақстан адам дамуының бірнеше аспектілері бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізсе де, бірқатар экологиялық түйткілдерге тап болды.
БҰҰДБ 1993 жылдан бері Қазақстанда адам дамуының шешімдерін ұсынады және тұрақты дамудың 2030 күнтізбесіне сәйкес ұлттық басымдықтарды іске асыруды қолдайды.