USD
USD
USD

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

Польшада жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен қазақстандық Екатерина Шилова өлі күйде табылды. Бұл ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі растады.

 Екатерина Шилова
Фото: acebook.com/susanna.suhoterina

Астана, NEGE. Шетелде жұмыс істеп жүрген 43 жастағы Екатерина ақпан айының аяғында хабар-ошарсыз кеткен. Ол жоғалған күні Варшавадан Астанаға ұшпақ болған, бірақ сол күйі ұшаққа отырмаған. Ол әпкесіне хабарлама жолдап, елге қайту туралы ойынан айнып қалғанын және Германияда жақсы жұмысқа орналасқанын хабарлаған. Бұл хабарлама жақындарының көңіліне күдік ұялатқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, Екатерина кісі қолынан қаза тапқан.

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Польша аумағында Қазақстан азаматы Екатерина Шилованың қаза тапқаны туралы ақпаратты растайды.

Қаза болған азаматтың туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз», – делінген СІМ хабарламасында.

Ведомство өкілдері Қазақстан Республикасының Польшадағы елшілігі марқұмның туған-туыстарымен, сондай-ақ Польша тарапының құзыретті органдарымен байланыста екенін және  мәйітті Қазақстанға репатриациялау мәселесі бойынша қажетті көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады.

Жағдай Сыртқы істер министрлігінің бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Билет қымбат, Wi-Fi әлсіз: ҚТЖ жолаушыларға не уәде берді?

Жолаушылар пойызы

Алматылық дәрігерлер 9-қабаттан құлап, ауыр жарақаттанған қызды аман алып қалды

аурухана

БҚО әкімі облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысын қызметінен шеттетті

Мадияр Өтешев

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігіттің денесі табылды

.