Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды
Атырау облысындағы полигондардың бірінде мерзімді әскери қызметші оқ жарақатынан көз жұмды.
Астана, NEGE. Атырау гарнизонының баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 12 наурыз күні жоспарлы атыс жаттығулары кезінде болған. Мерзімді әскери қызметші оқ жарақатын алған.
Алдын ала деректер бойынша, оқиға қаруды абайсыз ұстау салдарынан болуы мүмкін.
Бұл факт бойынша ІІМ-нің әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық себептері мен мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
«Әскери қызметші дереу медициналық мекемеге жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оның отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі», – делінген ресми хабарламада.
Қорғаныс министрінің тапсырмасымен оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары бастаған арнайы комиссия жіберілді. Тергеу барысын Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуратурасы бақылауына алды.
Қазір оқып жатыр
«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі
Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды
Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды