Референдум Референдум
USD
USD
USD

Мәскеу түбіндегі «Крокус сити холлдағы» теракт: айыпталушыларға үкім шықты

Ресейдегі «Крокус сити холл» концерт залындағы лаңкестік шабуыл ісі бойынша айыпталған 19 адамның 15-іне өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Крокус сити холлдағы терракт
Фото: volchansk-adm.ru

Астана, NEGE. Олар жазасының бір бөлігін түрмеде, екінші бөлігін ерекше режимдегі түзеу колониясында өтейтін болады, деп жазады РИА Новости.

Бұған қоса әрқайсысына 990 мың рубль көлемінде айыппұл салынған. Іс Екінші Батыс аймақтық әскери сотында қаралған.

Сондай-ақ лаңкестік шабуыл жасағандарға баспананы жалға берген азамат та 22 жыл 10 айға бас бостандығынан айырылды. Оның Мәскеу облысындағы пәтері тәркіленді. Содырларға көлік сатқан үш адам 19 жыл 11 айға сотталды.

Еске салсақ, 2024 жылғы 22 наурызда Мәскеудің солтүстік-батысындағы «Крокус сити холл» концерт залында атыс болды: камуфляж киген адамдар залдағы адамдарға оқ жаудырып, өрт қойды. Салдарынан 149 адам қаза тауып, алты жүзден астам түрлі жарақат алды, тағы бір адам із-түзсіз жоғалып кетті.

Мәскеудегі Басман соты шабуылдан кейін ұсталған күдіктілерге терроризм жасады деген айып тақты.

 

Қазір оқып жатыр

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда

Тоқаев: Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ

Мемлекеттік тіл