7 Тамыз 15:00
...

Brent баррелі 45 доллар. НЕГЕ бір демімізді ішке тартып отырмыз?

Фото:

Бейруттағы жарылыс мұнай бағасын әуелетіп жібергені рас. Одан кейін баға құлдырайды деген қорқыныш бар еді, бірақ бірнеше күн бойы Вrent баррелі 45 доллардан түспей отыр. Ол бізге несімен тиімді?

Мақала жазылып жатқан сәтте Вrent фьючерсі 45,01 долларға сатылып жатты. Жалпы, бағаның өсуіне ықпал ететін бірқатар факторлар бар деп жазды KazService. Оның негізгісі статистикаға тіреліп тұр. АҚШ Мұнай институты мәліметіне сәйкес, екі апта бойы Құрама Штаттардағы қара алтынның қоры төмендеп келеді. Қор өткен аптада 8,5 миллион баррельге, ал осы аптада 6,8 миллионға баррельге төмендеп кеткен. Экономиканың қалпына келе бастауы мұнайдың тұтыну қарқынын үдете түсті.

Фото: cmegroup.com

Өз кезегінде мұнай және газ алпауыты ExxonMobilдың қоржынындағы барланған мұнай қоры 20 пайызға төмендеп кеткен. Бұл да мұнай бағасына дем беретін қосымша фактор ретінде қарастырылады. «АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысын да ескерген дұрыс», - деп санайды, KazService.

«Қытай сауда санкцияларынан қорқып, өзіне қор жинап алу үшін мұнайды көбірек ала бастады. Бірінші жартыжылдықтағы пандемияға қарамастан, Қытайдың мұнай импорттау көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 9,9% -ға өсті»

Қазақстанға мұндай тренд несімен тиімді? Қазақстандағы мұнайдың өзіндік құны орташа есеппен барреліне 40-45 долларды құрайды. Оның ішінде барреліне шаққанда операциялық шығындар 10 доллар, экспорттық баж 3 доллар, пайдалы қазба салығы 5 доллар, рента салығы 3 доллар, күрделі технологиялық шығындар 5 доллар, көлік шығындары 6-8 долларға шығады.

Мұнайдың қазіргі бағасында отандық компаниялар шығынға батуын тоқтатады. Ал егер баға тағы 4-5 долларға өссе, біршама кіріс түсіп, оның алдындағы шығындарын өтеуге мүмкіндік тумақ.

Тегтер: