Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Блогер Ерболат Жанабыловтың жұбайына қатысты сот процесі басталды

Астанадағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында танымал блогер Эльмира Төлегеноваға қатысты іс қаралып жатыр, деп хабарлады Kazinform.

Блогер
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Сот процесі ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 445-1-бабы, 6-бөлігі бойынша судья Ақерке Бектұрғанованың қарауымен өтіп жатыр. Аталған іс блогердің заңсыз лотерея қызметіне қатысы бар деген күдікке байланысты қозғалған.

Сонымен қатар бүгін түстен кейін Төлегенованың жұбайы – блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты сот отырысы өтеді.

Айта кетейік, аталған екі тұлға да миллионнан астам жазылушысы бар танымал блогерлер. Сот отырыстары ашық форматта өтіп жатыр. Осы іске қатысты алғашқы тындау 5 қыркүйекте өткен болатын.

Еске сала кетейік, сот отырысы барысында Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты лотерея және ойын бизнесін реттеу комитетінің өкілдері блогерлердің парақшаларында ақша, 10 автокөлік және басқа да қымбат сыйлықтар ойнатылғанын айтты. Алайда Қазақстан заңнамасына сәйкес, лотереяларды тек ресми операторлар ғана өткізуге құқылы.

Комитет өкілдерінің айтуынша, олар Жанабыловтар ұсынған курстарды сатып алып, олардың мазмұны жарияланған сипаттамаға сәйкес келмейтінін анықтаған. Ведомство деректеріне сәйкес, курстар формалды сипатқа ие болып, нақты практикалық құндылық бермеген, сондай-ақ 30 мың теңгелік бағасы негізсіз, қымбат деп танылған.

Сот ісінің қозғалуының басты себебі – Жанабыловтың 10 автокөлік ойнатылған лотереяны өткізуі болған. Осыдан кейін Лотерея және ойын бизнесін реттеу комитетіне блогерлердің қызметінің заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру туралы өтініш келіп түскен.

Қазір оқып жатыр

Экономист Алматыдағы автотұрақтардың құнын 1 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды

ақылы тұрақ

ОСК: Аккредиттелген байқаушылар саны Құрылтай сайлауына халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді

Нұрлан Әбдіров

Бақытжан Базарбек көлікпен қағып кетті деген жігіттің туыстары мәлімдеме жасады

Бақытжан Базарбек және жәбірленуші тарап

Тоқаев төтенше жағдайлар министріне өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеруді тапсырды

Тоқаев, Әрінов