USD
USD
USD

Алматы облысында ер адамнан 13 келіден астам марихуана тәркіледі

Алматы облысында полиция ер адамнан 13 келіден астам марихуана тәркіледі Авторы Қымбат Абдалимова 15 Қыркүйек 2025 ж., 13:36 жарияланған 33 Алматы облысында полиция ер адамнан 13 келіден астам марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE.  “Қарасора — 2025” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Алматы облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

 – ЕҚҚІҚБ қызметкерлері Жамбыл ауданы ПБ криминалдық полициясымен бірлесіп Кызыләскер ауылында 47 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, – деп атап өтті ведомство өкілдері. Санкцияланған тінту барысында қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен тұрғын үйдің ауласында, қоршаудың бойында ерекше иісі бар кептірілген 31 түп өсімдік табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл – жалпы салмағы 10 келі 680 грамм кептірілген марихуана екені анықталды. Бұдан бөлек, полицейлер ұсталған азаматтың үйінен ішіне полиэтилен пакет салынған полимер қапты тапты. Оның ішіндегі жасыл түсті өсімдік тектес зат сарапшылардың қорытындысы бойынша кептірілген марихуана болып шықты. Оның салмағы – 2 келі 306 грамм. Осылайша, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 13 келіден асты. – Аталған дерек бойынша Жамбыл ауданының полициясында қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындап, қамауға алынды, – деп түйіндеді полицейлер.

Қазір оқып жатыр

Дайрабаев Қожаназаров туралы: «Көреалмаушылықты доғаруымыз керек»

Жигули Дайрабаев

«Ауыл» партиясы Құрылтай депутаттығына 69 кандидатты ұсынды

Ауыл партиясы

Мемлекет басшысы Назарбаевқа ізгі тілегін жолдады

.

Қазақстанда 62 жанармай құю бекетінің қызметі тексеріліп жатыр

Бензин, дизель