USD
USD
USD

Қазақстанда автожол саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың жаңа қағидалары бекітілді

Жол инфрақұрылымының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында автожол саласы қызметкерлерінің біліктілігін міндетті түрде арттыру қағидалары ресми түрде бекітілді.

Қызметкерлер
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Жаңа талаптарға сәйкес, мамандар кемінде үш жылда бір рет ұзақтығы 40 академиялық сағаттан кем емес курстардан өтуге тиіс. Ал жол ұйымдарының басшылары қызметке тағайындалғаннан кейін алты ай ішінде оқытудан өтеді.

Бағдарламалар тәжірибеге негізделіп, дәрістерді, семинарларды, тренингтерді және тағылымдамаларды қамтиды. Оқытуға отандық және шетелдік сарапшылар тартылады.

Курсты аяқтағандар қорытынды бағалаудан өтіп, үш жылға жарамды сертификат алады. Бұл — мамандардың кәсібилігін арттыруға және заманауи технологияларды енгізуге бағытталған.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram