«БИЛІКТЕ отырғандардың арасында САТҚЫНДАР әлі де бар»

МАРОВА Қаңтар оқиғасынан кейін құрылған «Ақиқат» қоғамдық комиссиясының жетекшісі қызметін атқарды. NEGE тілшісі осы комиссияның қаншалықты әділетті жұмыс істегенін сұрап көрді.
– Қаңтар оқиғасынан кейін «Ақиқат» қоғамдық комиссиясының жұмысын басқарған едіңіз. Шын мәнінде, жазықсыз адамдар жапа шеккен жоқ па?
– Бүкіл Қазақстанды аралап, мыңдаған адамға тегін кеңес бердік. Бірақ сотқа қатысқан жоқпыз. Көп адам босап шықты ғой. Олар тіпті шыққанын да айтқан жоқ. Кейін хабарласып, «шыққаныңды айтпайсың ба?» деген едік. Әйтпесе, біз прокуратураға шағым түсіріп жүрміз ғой. Былайша айтқанда, қорғаған талай адам ақталды.
А.Омарова.
– Комиссия жұмысын басқарғаннан кейін Қаңтар оқиғасынан не түйдіңіз?
– «Бұл ешқандай бейбіт митингіден басталған жоқ» деп айттым. Себебі, алдын ала, кемінде 2 жылдай дайындық жүрген деп ойлаймын. Білмеген адамға жай ғана «бейбіт митинг» сияқты. Әрине, басында бейбіт митинг ретінде басталған шығар, бірақ соңы олай болмады. Халық Назарбаев билігіне қарсылық танытқаны рас.
Қаңтар оқиғасы кезінде алаңға мен де бардым. Адамдар атысып жатыр кәдімгідей. Қай жері бейбіт митинг? Бейбіт митингке шыққан адам мүлікті қиратпайды. Енді кеп бәрі өзін батыр көрсетеді.
Әрине, халық қиналады. Қаншама адамды шығарды, қайта қамады. Құқық қорғау қызметкерлерін, жас курстанттарды мал сияқты сабап жатыр. Өте жабайылық көрсетті. Бұлар бір-бірін қорғай алмауда. Соның да бейнежазбалары бар. Шын мәнінде, саяси технологияның көмегімен ұйымдастырылған сияқты. Бұлар қарапайым халықты пайдаланды.
– Қаңтар оқиғасынан кейін 200-ден астам қайтыс болды, қаншама адам сотталды. Оның ішінде жазықсыз адамдар да бар екені айтылды. Бұдан бөлек осы оқиғаға қатысы бар шенеуніктер «мемлекетке опасыздық жасады» деген айыппен бостандығынан айырылды...
– Өте қиын жағдай болды. Әділ болды ма, жоқ па, оны да айту қиын. Бірақ митингіге жай шыққан, қатыспағанның көбін амнистиямен шығарды. Мемлекет барынша әділ болғысы келді. Алайда, биліктегілердің арасында сатқындар әлі де бар. Мына жағдай сондайлардың кесірінен болды.
Фото: ғаламтордан.
Білесіз бе, әйелдерді, балаларды ұстап алған кезде құқық қорғау қызметкерлерінің өзі ұрып-соғып, қинаған. Бұдан бөлек митингіге шыққан әйелдерді бәзбіреулер қорлаған. Бұл фактіні тіркемеген. Тәртіпсіздік кезінде сұлулық салонының қызметкерлері зардап шеккен. Әйелдерді бесінші қаңтар күні жұмыстан үйіне қайтып бара жатқан кезде зорлаған. Олар полицияға арызданған жоқ. Отбасылары, күйеулері болғандықтан жария еткісі келмеген. Сонымен қатар, ол тағы бір зорлау оқиғасы әкімдік ғимаратының жанында болғанын айтты. Бұл кезде де жәбірленушілер полицияға арызданбаған.
– Жақында ғана «Қаңтар оқиғасында Алматы әуежайын басып алмақ болды, әуежайда бүлікке бастады» деп айып тағылған бес адам төрт жылдан сегіз жылға дейін бостандығынан айырылды. Бұл іс жайында заңгер ретінде не айтасыз?
– Бұл істің материалдарын білмеймін, себебі, араласқам жоқ. Өз авдокаттары бар, заң бойынша дұрыс-бұрысын айта алмаймын.
Меніңше, оларды батыр қылудың да қажеті жоқ. Олар әуежайға не үшін барады? «Бейбіт митингке бардық» дейді. Мынандай жағдайда не деп барды? Әуежайға бара жатқан адамдардың әрекеті бейбіт митингке ұқсамайды.
Бірақ бұл іс туралы анық-қанығын білмеймін. Менде қазір бір іс бар. Сотқа енді жіберілді. Алматы облысында шекара қызметкерлері Тарғап ауылында бір отбасын атып тастаған оқиға болды. Бұл жерде күдікті сотталса, заңды деп айта аламын. Ал мына жерде басқа манипуляциялық жағдай боп тұр.
Шын мәнінде, әлі күнге осы оқиғаны бастағандар, сатқындар сотталған жоқ. Мысалы, Кәрім МӘСІМОВТІҢ қатысы бар дейді, одан да басқалары қайда? Сыбайлас жемқорлық өршіген. Бұлардың ақшасы көп. Ақшаға-ақ сатып алатындары бар. Тіпті, сатқындар ақшаға елін де сата салады. Қаңтар оқиғасынан кейінгі екі жылда да олар ақпарат құралдары арқылы саботаж жасап келеді. Мемлекетке сатқындық жасағандарды аямау керек.