USD
USD
USD

Хасан ісі: Куәгерлердің жауабын БАҚ бетінде жариялауға тыйым салынды

Алматы облысы Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасты. Бүгінгі сот отырысында жәбірленушілерден және куәгерлерден жауап алынады, деп хабарлайды NEGE тілшісі сот залынан.

Хасанның соты
Фото: NEGE

Алматы, NEGE. Сот залына БАҚ өкілдері кіргізілмеді. Судья Айнагүл Тукубаева жәбірленушілер мен куәгерлердің айғағын баспасөз бетінде жариялауға тыйым салды. Сол себепті оқиғаның мән-жайы хабарланбайды. Куәгерлер де аты-жөндерін жариялауға қарсылық танытқан. 

Бүгінгі сот отырысында жәбірленуші Аюпжан Тажиевтен және 6 куәгерден жауап алынады. Алайда Хасан ісі бойынша жәбірленуші Аюпжан Тажиев сот отырысына келмеді. Сол себепті жәбірленушіні келесі сот отырысына мәжбүрлі түрде қатыстыру ұсынылды.

Бұған дейінгі сот отырысында жәбірленуші Арман Әлімовтен жауап алынып, іске қатысты бейнежазба зерделенген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 2 қарашасында Хасан Қасымбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 2021 жылы ережесіз жекпе-жектен жаттықтырушы Арман Әлімовтің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілінген.

Іс бойынша Х.Қасымбаевтан басқа тағы 5 адам айыпталған. Олар: Руслан Әлиев, Мадияр Қалымжанов, Сайлау Ақтанов, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков, Данияр Асқаров.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ