USD
USD
USD

Енді қазақстандықтарға екі немесе одан да көп жерде жұмыс істеуге тыйым салынады

Мұны мәжіліс алаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин мәлімдеді.

Жұмыс, резюме
Фото: pinterest.com

Алматы, NEGE. Айтуынша, екіі немесе одан да көп тұрақты жұмыс орны бар қазақстандықтар тергеуге алынады.

«Еңбек кодексіне сәйкес, бір жұмыс орнында ғана толық жұмыс күнімен жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Біз мұндай жағдайлардың алдын алу үшін бюджеттік салада тиісті шаралар қабылдап жатырмыз», – деді вице-министр.

Жұмыспен қамту деректері бірыңғай еңбек кітапшалары жүйесі арқылы талданатынын түсіндірді.

«Әзірше біз тек мемлекеттік органдарды бақылап жатырмыз. Біздің мәлімет бойынша, екі немесе одан да көп мекемеде ресми түрде тұрақты жұмыс істейтін қызметкерлер бар. Бұл жағдайлар еңбек инспекциясына хабарланады», – деді О.Анафин.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы