USD
USD
USD

Алматыда рейд кезінде 71 жезөкшелер үйі анықталды

«Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Алмалы ауданында полиция қызметкерлері «Манхэттен», «Ақбұлақ» және «Кәусар» тұрғын үй кешендерінде жыныстық қызмет көрсететін жезөкшелер үйлері мен заңсыз жұмыс істейтін салондарды анықтауға бағытталған алдын алу шараларын жүргізуде. 

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Рейдтер барысында 71 жезөкшелер үйі әшкере болды. Заңсыз әрекетке үй берген пәтер иелері жауапқа тартылды. Бұл пәтерлерде тіркеусіз және жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрған адамдарға да әкімшілік шара қолданылды.

«Қоғамдық тәртіпті сақтау – біздің ортақ міндетіміз. Полиция қызметкерлері заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін күн сайын профилактикалық іс-шаралар жүргізеді, ал тұрғындар өз аудандарындағы қауіпсіздік пен тәртіпке жауапты болуы керек. Азаматтарды бейжай қалмай, заң бұзушылықтар туралы хабарлауға шақырамын», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жалғасатын болады.

Қазір оқып жатыр

Шетелдік блогермен видеоға түскен полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды

.

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.