USD
USD
USD

Алматыда «QAZAQSHA терапия» атты ерекше концерт-спектакль өтеді

19 қыркүйек күні Абай алаңында (Республика сарайының алды) Қала күніне орай екі бірегей концерт өтеді.

QAZAQSHA терапия
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Алматылықтар мен қала қонақтары ұлттық өнер мен заманауи сахналық шешімдерді тоғыстырған қайталанбас қойылым тамашалайды. Концертті тамашалау үшін билет сатып алудың қажеті жоқ, кіру тегін.

Сағат 18:00-де Республика сарайының алдындағы Абай алаңында «Ән қанатындағы Алматы» атты дәстүрлі музыка кеші өтеді. Бұл – рух пен мұраның шынайы салтанаты. Сахнаға қазақ дәстүрлі өнерінің өкілдері Рамазан Стамғазиев, Сәуле Жанпейісова, Еркін Шүкіманов, Ардақ Исатаева және басқа да өнер майталмандары, сондай-ақ «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі шығады. Артистер көрерменге ән, терме, жыр мен күй ұсынады.

Ссағат 19:30-да, Абай алаңында «QAZAQSHA терапия» атты заманауи әрі жарқын жоба көрерменге театрландырылған концерттік спектакль ұсынады. Бұл кеште әрбір әуен ұлттық болмысты оятып, ішкі үйлесімділікке жетелейді. Жоба авторлары – белгілі актер Әсет Есжан және «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистері. Ұлттық мәдениет пен заманауи көркемдік шешімдер тоғысатын бұл шоу ерекше оқиғаға айналмақ

Бұл кеш қазақ мәдениетінің байлығын қадірлейтін жандар үшін ерекше сый болмақ.

Қазір оқып жатыр

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу