29 Желтоқсан 11:58

Қазақстан ішкі рейстерді қайтадан халықаралық сертификаттаудан өткізе ме?

Фото:

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Берік Камалиев ел билігі ішкі рейстерден әуе көліктері халықаралық қауымдастығының (IOSA) қауіпсіздік жөніндегі аудиті мен міндетті сертификатынан өтуді қайтадан талап ететінін  мәлімдеді.

 Алматы, NEGE. Берік Камалиев бұған дейін Bek Air әуе компаниясынан IOSA сертификаты жергілікті бизнес қауымдастықтың қолқасымен талап етілмей келгенін хабарлады.

«Ішкі әуе тасымалдарына қатысты IOSA сертификатын талап етуге келсек, иә, біз бұл жұмысты жалғастырамыз, бұған міндетті түрде ораламыз. Халықаралық бағыттағы ұшуға бұл талап бар, ал ішкі рейстер үшін мұндай талап 2016 жылға дейін қойылып келген, кейін бизнес қауымдастықтың өтінішімен ол алынып тасталған. Біз бұл мәселеге қайта ораламыз», – деді вице-министр.

 Bek Air күні бүгінге дейін халықаралық аудиттен өтуден бас тартқан Қазақстандағы жалғыз әуе компаниясы болатын. 2016 жылы халықаралық ұйымның қауіпсіздікке қатысты тексеруінен өткісі келмеген әуе компаниясының басшылығын «Атамекен» ҰКП қолдағаны белгілі.

 

Тегтер: