10 Қаңтар 14:02
...

Алматыдағы алаңда митинг өтуде

Фото:

Жұрт Парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауына дауыс беріп жатқан кезде, Алматыдағы орталық алаңда митинг өтіп жатыр. Nege.kz тілшісінің хабарлауынша, 100-ге жуық адам, 50-дей ақпарат құралдарының өкілдері және 100 шақты құқық қорғау қызметкерлері жиналған. Тіркелмеген «Демократиялық партия» жақтастарын  арнайы жасақ қоршап алып, алға жылжуға мүмкіндік бермеген. 

Алматы, NEGE. «Жанболат Мамай және демократиялық партия құрғысы келетін бір топ адам жиналып, жұртты сайлауға бойкот жариялауға үндеді. Олар «Сайлауға бойкот!», «Назарбаевтар әулеті биліктен кетсін» деп ұрандады» дейді орталық алаңнан хабарлаған тілшіміз.

«Алайда, бұл  топты Назарбаев пен Сәтбаев көшелері қиылысында әкімдік өкілдері күтіп алып, оларға шерудің «заңсыз» екенін ескертті. Одан кейін арнайы жасақ қоршап алды. Сәлден соң Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов бастаған лауазымды тұлғалар келіп, «елдің тыныштығын бұзғысы келіп, халықты арандатқысы келеді» деп «Демпартия» өкілдерін сабырға шақырды.  

Тағы бір айта кетерлігі, митинг өтіп жатқан аумақта интернет өшіп қалған. Мұның кесірінен журналистер жедел хабар тарата алмады.  

Тегтер: