USD
USD
USD

Қарағанды облысында ұзақ уақыт тұралап қалған сүт зауыты іске қосылды

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында жаңа сүт зауытының ашылуын тежеген кедергілер жойылды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.

З
Фото: ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. Бас прокуратураның тапсырмасымен Қарағанды облысының прокуратурасы бос тұрған және жүктемесі аз кәсіпорындардың қызметін қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізген.

"Мониторинг барысында Бұқар жырау ауданындағы сүт өнімдерін шығаратын шағын зауыттың ұзақ уақыт бойы тоқтап тұрғаны анықталды. Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі құжаттардың сәйкес болмауын алға тартып, кәсіпкерге нысанды бекітуден және қайта тіркеуден екі рет заңсыз бас тартқан", - дейді ведомство.

Қадағалау актісіне сәйкес бұзушылықтар жойылып, нысан қайта тіркеліп, кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Қазіргі уақытта өндіріс іске қосылып, 5 жаңа жұмыс орны ашылды. Инвестор 22 миллион теңгенің құрал-жабдықтарын сатып алып, өнімдерін сата бастады.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық