USD
USD
USD

Алматыда қылмыстық топ өздерін қыз ретінде таныстырып, жігіттерді тонап кеткен

Алматыда махаббатын тапқысы келген жігіттер танысу сайттары арқылы алданып қалған. Қылмыскерлер жас жігіттерге өздерін қыз ретінде таныстырып, пәтерлеріне шақырып, тонап кеткен. Бұл туралы КТК арнасында хабарлады.

В
Фото: видеодан кадр

Алматы, NEGE. Қылмыстық істі үш ер адам мен бір қыз жасаған. Олар танысу сайтында қызың атынан жігіттермен танысқан. Көп ұзамай оларды кездесуге шақырған. Зардап шеккендер келісіп, көрсетілген мекенжайға өздері келген. Жігіттерді ер адамдар күтіп алып ақшасын, телефонын және бағалы заттарын күштеп тартып алған. Соңғы жәбірленушіден 700 мың теңге беруді талап еткен.

Жедел уәкілдер үш күдіктіні ұстады. Олар бәрін мойындап, олжаның бір бөлігін қайтарды. Қыздың кінәсі әлі дәлелденген жоқ. Полиция тұрғындарды желіде абай болып, елсіз жерлерде бейтаныс адамдармен кездеспеуге шақырды.

“Біз танымал танысу сайтында жас жігітпен кездесуге келістік. Олар мекенжайды берді. Сол мекенжайға құрбан болуы мүмкін жас жігіт келді. Онда бір қыз бар еді. Қылмыскерлер келіп: "Біз оның ағаларымыз, қарындасымыз кәмелетке толмаған, ол небәрі 17 жаста. Енді ұрамыз, өлтіреміз" деп қорқытты. Осылайша олар барлық құнды заттарды алып кетті. Үш ер адам қамауға алынды. Олар небәрі 20-25 жаста”, – дейді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

Кино

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Төреғали Төреәлі

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

бала

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Аурухана