12 Сәуір 16:17

Алматы облысында 25 жастағы жігітке мешіт тонады деген айып тағылды

Фото:

Талғар ауданының полицейлері Алматы облысының мешіттерінде ұрлық жасады деген күдікпен 25 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Талғар аудандық полиция бастығының орынбасары Андрей Бурянскийдің айтуынша, ақпан айының соңынан бастап Тұздыбастау, Гүлдала, Қызыл ту және Панфилов кенттерінде орналасқан мешіттерге келушілерден арыз түсе бастаған.

"Күдікті ақшам намазы уақытын пайдаланып, мешітке келушілердің ақшасын, ұялы телефондары мен бағалы заттарын қолды еткен", - дейді ол. Полиция өкілінің сөзінше, күдікті құйтырқы әректтерін тек мешіт ішінде ғана емес, сыртында да жүзеге асырған. Мәселен, ол тұрақта тұрған көліктерге ұрлыққа түскен.

"Күдікті бұған дейін ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған 25 жастағы көрші Есік қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың облыс аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілуде", - дейді Андрей Бурьянский. С

онымен қатар полиция күдіктіден қылмыстық іс материалдарына айғақ ретінде ұрланған телефондар мен қылмыс жасалған құрал тәркіленгенін атап өтті. Одан бөлек, дәлел ретінде бейнежазбалар да бар. Күдікті тергеу аяқталғанша қамауда болады. 

Тегтер: