18 Мамыр 19:35
...

Александр Бублик Туриндегі турнирде топ жарды

Бублик
Фото: Olympic.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 76-ракеткасы Александр Бублик Турин (Италия) челленджер турнирінің чемпионы атанды. 

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші соңғы бәсекеде әлемнің 73-ракеткасы, қытайлық Бу Юньчаокэтэмен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бублик 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 14 минутқа созылған матчта Бублик 6 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қытайлық теннисші 6 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.

Осылайша, Александр Бублик өз спорттық жолында челленджер жарыстарындағы жетінші, топырақ төсенішіндегі бірінші титулын жеңіп алды. Қазақстандық спортшы сондай-ақ ATP 250 турнирінде үш дүркін, ATP 500 додасында бір рет чемпион атанған.

Александр Бублик қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 51-орынға көтеріліп тұр.