USD
USD
USD

Тоқаев: Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасындағы тіл туралы бапқа қатысты айтылған қоғам сынына жауап берді.

Мемлекеттік тіл
Фото: Коллаж: aikyn.kz

Астана, NEGE. Мемлекет басшысы «қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ» екенін айтты.

«Жаңа Конституция жобасында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі" деп нақты жазылған.

Бұл ретте ана тіліміз тек көркем әдебиетте ғана емес, еліміздің қоғамдық-саяси өмірінің барлық саласында кеңінен қолданылады. Ең маңыздысы, жастар арасында қазақша сөйлеу сәнге айналды. Басқаша айтқанда, қазақ тілінің болашағы жарқын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл ретте Президент қазақ жастарының жаңашылдыққа тез бейімделетінін, олар қазақша мен орысшаны қоса алғанда, үш-төрт тілді еркін меңгеретінін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ ол «тіл тағдырына алаңдаған кейіп танытып», бұл тақырыпты саяси құрал ретінде пайдаланатындарды сынға алды.

Мемлекет басшысы орыс тілінің мәртебесіне қатысты тараған пікірлерге де тоқталып өтті. Ол мұндай пікірлерді «күңкіл әңгіме» деп атап, орыс тілі үшін қам жейтіндердің өзі тілді дұрыс меңгермегінін сынап өтті.

«Бұл жайында жазылған мақалаларды оқудың өзі қызық. Стилистикалық және грамматикалық қателерден аяқ алып жүре алмайсың. Жарияланым авторлары орыс тілі үшін қам жейді, бірақ өздері оны дұрыс меңгермеген.

Түптеп келгенде, жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде бірдей заңды күшке ие қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық», – дейді Мемлекет басшысы.

Бұған қоса бүгінгі жиында Президент республикалық бюджеттен берілетін түрлі дотацияға сеніп отыратын әкімдерді сынға алып, масылдық ұғымынан айырылу қажет екенін қадап айтты.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.