USD
USD
USD

«Ересектермен бірдей жазаға тартылады»: ІІМ ата-аналарға ескерту жасады

Полицейлер интернеттегі есірткі дүкендерін ұйымдастырушылар кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тартатынын ескертеді.

Есірткі қылмысы
Фото: Видеодан скриншот/polisia.kz

Астана, NEGE. Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиа-порталы соңғы уақытта кәмелетке толмағандарды есірткі айналымына тарту фактілері жиілегенін жазады. 

«Көбіне жасөспірімдерге әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы "жеңіл табыс" табу ұсынылады. Оларды есірткіні арнайы орындарға жасырушы ретінде жұмыс істеуге шақырады.

Мұндай ұсыныстарды интернеттегі есірткі-дүкендерінің ұйымдастырушылары таратады. Олар жастардың тез ақша табуға деген қызығушылығы мен сенгіштігін пайдаланып, кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке итермелейді», – делінген хабарламада.

Полицейлер мұндай қылмыстарды жасағаны үшін заңнамада ересектермен тең дәрежеде қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын атап өтеді.

«Есірткі дүкендерінің әкімшілері бопсалау мен қорқыту арқылы психологиялық қысым жасап, олардың қылмыстық схемадан бас тартуына жол бермейді және түрлі тәсілдермен жасөспірімдерді есірткі айналымында ұстап қалуға тырысады», – дейді ведомство өкілдері.

ІІМ дерегінше, жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар 23 кәмелетке толмаған ұсталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Қылмыстық заңнамаға сәйкес:

– есірткіні заңсыз сақтағаны үшін – 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру;

 – дайындау, тасымалдау және өткізу үшін – 7 жылдан 12 жылға дейін;

 – есірткіні насихаттау және жарнамалау үшін – 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

 Есірткіге байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан бастап, ал жекелеген құрамдар бойынша 14 жастан бастап туындайды.

Қазір оқып жатыр

«Масылдық ұғымынан біржола арылу қажет»: Президент дотацияға сеніп отыратын әкімдерді сынады

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Кастетпен ұрған»: Таразда тоғызыншы сынып оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан

қыз

Астана мен Алматыда пәтер бағасының өсуіне не әсер етеді?

Астана

Мұнай бағасы тағы өсті

Мұнай