Референдум Референдум
USD
USD
USD

Алаш зиялыларына қатысты құжаттар мен материалдардың 12 томдығының 6 томы жарық көрді

«Алашорда ісі. 1920-1940 жж. Құжаттар мен материалдар» атты көптомдықтың 6 томы жарық көрді.

Алаш
Фото: NEGE

Алматы, NEGE. Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде көптомдықтың таныстырылымы өтті. Бұл еңбекте ХХ ғасырдағы Қазақстанның саяси тарихынан мол мағлұмат беретін құжаттар құпиясыздандырылған. Жобаның ғылыми жетекшісі - Мәмбет Қойгелді. Архив қызметкерлерінен бөлек бұл жобада 35 адам жұмыс істеді. Оның ішінде 6 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты және архив қызметкерлері қатысты. Бұл еңбек - ұжымдық жұмыстың нәтижесі.

Президент архиві
Фото: NEGE

«Құжаттарды іріктеудің өзі күрделі мәселе. Жинаққа енген құжаттарды құпиясыздандыру жұмыстарын да жүргіздік. Ең алдымен құпиясыздандырылды, содан кейін ғана ғылыми айналымға енгізу ұсынылды. Еңбекте Алаш қайраткерлерінің қуғын-сүргінге ұшыраған алғашқы жылдарынан бастап барлық құжаттар қамтылды.  Бұл құжаттарды жариялауды жаңалық десе де болады. Бұған дейін мұндай тақырыппен құжаттар топтастырылып берілмеген. Әр том кіріспемен басталады. Қазіргі таңда 6 томдық жарық көрді. Осы жылдың аяғына дейін толық 12 том шығады. 12 томның әрқайсысы 2 мың тиражбен таралады. Әр том 500 беттен асады. 12 томдық кітапты бір жылда шығару көп жұмысты талап етті», – Гүлшат Рамазанқызы. 

Кітапқа 3 мыңға жуық жаңа құжаттар енгізілген. Алаш қозғалысына қатысты бұған дейін де құжаттар жарияланған. Алайда бұл томдыққа жаңа құжаттар енгізілді.

«Кітапта жарияланған құжаттардың барлығы Ұлт азаттық қозғалыстың болғанына дәлел. Мұнда өте маңызды материалдар бар. Олардың барлығы осы уақытқа дейін жасырын архивте жатты. Енді жарыққа шығып жатыр. Ол ұлттық мүддеге, ұлтқа жұмыс істеуі тиіс. Архивті сарғайған, иісі шыққан қағаз деп ойламау керек. Алаш зиялыларына қатысты құжаттардың архивте жатқаны жөн емес. Ұлт азаттық көтерілісіне қатысты басылым бұған дейін жарық көрмеген. Бұған мемлекет қолдау көрсетіп отыр. Сондықтан мемлекетке, Президентке және осы жұмысқа тікелей басшылық жасаған Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринге рахмет айтамыз», – деді Мәмбет Қойгелдиев. 

Мәмбет Қойгелдиев өзінің берген сұхбатында аталмыш еңбекке қатысты пікір айтып, «Ерлан Қарин шығармай отыр» деп қалған болатын. NEGE тілшісі осы жағдайға қатысты нақтылау сұрақ қойды.

NEGE тілшісі: Кеше "Ара Медиа" юту арнасына берген сұхбатыңызда "жинақты Ерлан Қарин шығармай отыр" деп айтып қалдыңыз. Бұлай деуіңізге не себеп болды? Әлде алғашқы 6 томы шыққанын білмей қалдыңыз ба?

Мәмбет Қойгелді:

«Мұндай жұмыстар құпияланбай, жариялы түрде жүргізілуі керек. Оны құпиялаудың ешқандай қажеті жоқ. 4-5 айда дайындаңдар деді, біз сол уақытқа дайындадық. Иә, мен оның шыққанын білмей қалдым. Қай томы шықты, қалғандары неге шықпай жатыр? Мысалы, мына шыққан томдарға да менің қатысым болмады. Мен неге ғылыми жетекші ретінде хабарсыз болдым? Сол себепті ашық болғаны жақсы. Менің білуге хақым бар».

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

мұғалім

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді

жанабылов