Референдум Референдум
USD
USD
USD

Қазақстанда қай өңірдің тұрғындары шетелге көбірек көшіп жатыр?

Өткен жылы Қазақстанға тұрақты тұруға 23 761 адам келсе, 7 608 адам көшіп кеткен.

Саяхат
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Елімізде үшінші жыл қатарынан көші-қонның оң сальдосы байқалып отыр, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Бюро мәліметінше, 2024 жылмен салыстырғанда Қазақстаннан кеткендер саны 40,2%, елге келгендер саны 18,9% азайған.

«Негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүрген. Достастық елдеріне барлық келушінің 81,8% және кеткендердің 71,8% тиесілі. Басқа елдердің ішінде Қытайдан, Моңғолиядан және Германиядан келгендердің саны көп болса, кеткен елдер арасында азаматтар Германия, Польша және АҚШ-қа көбірек көшкен», – делінген ресми ақпаратта.

Келгендердің басым бөлігі тұрақты тұру үшін еліміздің өңірлері арасында Алматы облысын – 5 754 адам, Алматы қаласын – 4 068 адам және Маңғыстау облысын – 3 562 адам таңдаған.

Елден кеткендердің көбі Қарағанды облысынан – 1 451 адам, Алматы қаласынан – 757 адам және Шығыс Қазақстан облысынан – 685 адам көшіп кеткен.

«Шетелден келгендер мен кетіп жатқандардың негізгі үлесі – 35-39 жас аралығындағы азаматтар. Елден кеткендер және келгендер арасында техникалық және экономикалық білімі бар адамдар саны басым», – дейді мамандар.

Статистикаға сүйенсек, 2024 жылымен салыстырғанда ел ішіндегі көші-қон 13,6% өскен. Соның ішінде Астанаға көшіп жатқандар саны басым – 87 459 адам. Астанадан бөлек халық көші-қонының оң айырмасы Алматыда (33 126 адам), Шымкентте (15 130 адам) және Алматы облысында (12 110 адам) тіркелген.

Қазір оқып жатыр

Өнер қырандары театры Шымкент қаласының әкіміне үндеу жасады

Өнер қырандары

Президент бірыңғай QR жүйесіне қосылмаған ірі банктерді сынға алды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Елімізде мал басын көбейтуге 6% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру басталды

Мал шаруашылығы

Астанада блогер Жанабыловтардың соты басталды

блогерлер