USD
USD
USD

Астанада блогер Жанабыловтардың соты басталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында блогерлер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты іс қарала бастады.

блогерлер
Фото: instagram/zhanabylov_e

Астана, NEGE. Сот отырысы басталысымен, блогерлердің адвокаты істі жабық режимде қарауды сұрап, журналистердің процеске қатысуына шектеу қоюды өтінді. Қорғаушының айтуынша, сот барысында коммерциялық құпияға жататын мәліметтер талқылануы мүмкін.

Алайда мемлекеттік айыптаушы бұл ұсыныспен келіспей, сот процесі ашық өтуі тиіс екенін мәлімдеді.

.
Nege.kz

Прокурорлар істің қоғамда үлкен қызығушылық тудырып отырғанын және онда мемлекеттік құпияға жататын мәліметтер жоқ екенін атап өтті. Осыған байланысты олар бұқаралық ақпарат құралдарының сот отырысына қатысуына рұқсат беруді қолдады.

Тараптардың уәждерін тыңдаған судья сот процесін ашық форматта жалғастыру туралы шешім қабылдады. Алайда блогерлердің өтініші бойынша оларды фото және бейнекамераға түсіруге тыйым салынды.

Еске салайық, Қаржы мониторингі агенттігі Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованы заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысты және қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастырды деп айыптап отыр. Тергеу нұсқасына сәйкес, 2025 жылы олар онлайн-курстар сату деген желеумен заңсыз лотерея ұйымдастырып, қымбат сыйлықтар ойнатқан.

ҚМА мәліметінше, блогерлер сатқан курстардың нақты құндылығы жоқ. Ал жүлделер блогерлердің жеке қаражатына емес, осы курстарды сатудан түскен ақша есебінен алынған.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

ТЖ

Израиль президенті Астанаға келді

ақорда

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Азамат Қапенов

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

жанабылов