USD
USD
USD

Елімізде мал басын көбейтуге 6% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру басталды

Несие қаражаты мал сатып алуға және бордақылау алаңдарын дамытуға бағытталады.

Мал шаруашылығы
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспар әзірленгенін, жоспар аясында мал шаруашылығын дамытуға арналған жаңа жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылғанын хабарлады.

Ведомство мәліметінше, қаржыландыру төмендегідей шарттармен ұсынылады:

•жеңілдетілген мөлшерлеме – жылдық 6%;

•мал шаруашылығы саласының ерекшеліктерін ескере отырып, икемді несиелеу мерзімдері;

•қаржыландыруды «Аграрлық несие корпорациясы» филиалдары, кредиттік серіктестіктер және екінші деңгейлі банктер арқылы алу мүмкіндігі.

Бағдарламаның іске қосылуы шаруаларды қолдауға және Қазақстанда мал шаруашылығын дамытуға қосымша серпін береді деп күтілуде.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Ухнаагийн Хурэлсух, Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

Ернұр Алмахан

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Балалар тағамы

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Сарбаздар, Қазақстан әскері