USD
USD
USD

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

Ақтөбе қаласының №2 соты 40 жастағы педагогты алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

мұғалім
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Telegram-дағы Halyqstan арнасының жазуынша, математика пәнінің мұғалімі жеке оқу орталығында жұмыс істеген. Ол оқушыларды Назарбаев зияткерлік мектептеріне (НИШ) және дарынды балаларға арналған «Білім Инновация» мамандандырылған мектеп-интернатына түсуге дайындап жүрген.

Бір күні мұғалім төрт оқушының ата-анасына «зерек балаларды» басқа мектепке, мысалы Назарбаев мектебі сияқты мектептерге ауыстыру керек екенін айтқан. Ол үшін педагог қомақты ақша сұраған. «Баланың болашағы үшін» ата-аналар оның сұраған сомасын тауып берген.

Алайда көп ұзамай ата-аналар мұғалімге алданып қалғанын түсінген. Сотта педагог бұл айыптарды жоққа шығармай, кінәсін мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұраған. Сондай-ақ, сотта математик-ағайдың құмар ойынға тәуелді екені, алған ақшасын бәске тіккені анықталған.

Екі ата-анаға мұғалім 3,3 млн теңгесін қайтарып, кешірім сұраған. Бұл эпизодтар бойынша іс тоқтатылған.

Ал 3,2 млн теңге берген екі ата-ана соттан педагогқа бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұраған. Айыпталушы бұл ақшаны да қайтарып берген.

Нәтижесінде Ақтөбе қаласының №2 соты 40 жастағы педагогты алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.

Қазір оқып жатыр

Әр облыс жастар ипотекасы үшін бюджетінен 1 млрд теңге бөлу керек – «Әділет» кандидаты нақты ұсыныс айтты

.

Тоқаев: «Болашақ ойындары» елдер арасындағы алтын көпірге айналады

.

Қостанайдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 14 жастағы мүгедек бала көз жұмды

Мекеме

Сауда министрлігі: Wildberries-тен Қазақстанда қойма салуға ресми өтініш түскен жоқ

Wildberries