26 Мамыр 13:08

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

Фото:

Айжан Шайназарова ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі сайтында жарияланды.

Алматы, NEGE. Айжан Шайназарова 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 

Санкт-Петербург мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітірген, Дьюк университетінде тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі институтының Алматы филиалында аға лаборант қызметінен бастаған.

1994-1999 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 1999-2001 жылдары - Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аға оқытушысы. 

2001-2004 жылдары - ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ұйымдастыру жұмысы және әлеуметтік технологиялар департаментінің талдау және мониторинг орталығының бас маманы, басшысы. 2004 жылғы ақпан-желтоқсан аралығында - ҚР ақпарат министрлігінің Әлеуметтік технологиялар департаментінің талдау және мониторинг орталығының бастығы болған.

2004-2021 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған. 2021 жылдың ақпанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Тегтер: