4 Тамыз 09:00
...

2 миллион кедейге НЕГЕ көмектесе алмаймыз?

Фото:

Қазақстан қанша тырысса да, кедейлер саны көбейіп барады. Оған бағаның қымбаттауы, жалақы мен табыстың сол қымбатшылыққа ілесе алмауы себеп.

Шағын девальвацияның өзі жарлылар санын бірнеше мыңға арттырып жібереді. Осыған орай бәріне бірдей төленетін "шартсыз табыс төлемі" жөнінде көп айтылып жүр. Мұндай әлеуметтік эксперимент Финляндияда жасалды. Бірақ сарапшылар оның экономикаға әкелген әсері туралы екіұдай пікірде. Хельсинки университетінің профессоры Елена Бломберг-Кроллдың айтуынша, негізгі кіріс өздері өмірде белсенді азаматтарға қолдау көрсетті. Ал қиын жағдайда отырған отбасылардың ахуалын жақсарта алмады. Финляндия мұндай тәжірибелерін 1960 жылдардан бері жасап келеді. Осы уақыттан бері оның қоғам мен халыққа әсері нақты анықталмаған.

"Қазақстанда оны іске асыру мүмкін емес", - дейді, қаржы кеңесшісі Расул Рысмамбетов. Әлеуметтік бастама ретінде сүйкімді, бірақ бюджетке тым ауыр салмақ түсіреді.

Мысалы, бізде 2 миллионға жуық кедей бар, демек, олардың әрқайсысы айына 42 500 теңге төлеуі үшін мемлекет қосымша ай сайын 85 миллиард теңге құртуы тиіс. Ол үшін осы мақсатқа бюджетке жыл сайын 1 триллион теңге келуі керек.

Расул Рысмамбетовтың айтуынша, ағымдағы бюджет тапшылығын ескере отырып, бұл біз үшін тек қияли утопия болып қала бермек.

Тақырыпқа орай: Қазақстан және кедейлер. БҰҰ-ның кедейлерді қолдау жөніндегі ұсынысы бізде іске аса ма?


Жалпы, Қазақстанда кім кедей деп саналады? "Бұл өте қиын сұрақ", - дейді, Расул Рысмамбетов. "Ресми есеп бойынша Қазақстандағы кедейлердің табысы ең төменгі жалақыдан, яғни айына 42 500 теңгеден аспауы тиіс. Ал шын мәнінде, менің ойымша, қазіргі уақытта табысы шамамен бір медианалық жалақыға ие адамдар (айына 100-110 мың теңге) кедей деп есептелуі керек".

Тегтер: