8 Сәуір 08:18

11 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото:

 Еліміздің 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Алматы, NEGE. Түнде Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігіне тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігі мен батысына тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ақтөбе қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан 17-22 м/с жел соғады, Атырау қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел еседі. Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз оңтүстігінде, солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Өскемен қаласында шығыстан жел соғып, бағыты солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз екпіні 15-18 м/с-ке жетеді. Семей қаласында шығыстан жел соғады, бағыты солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-18 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, күндіз облыстың шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Қостанай облысының шығысында тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Солтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін. Қызылорда қаласында оңтүстік-батыстан жел есіп, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. 8 сәуірде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында батыстан 15-20 м/с жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігіне тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с болуы ықтимал. Петропавл қаласында күндіз батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді. Түркістан облысының таулы аймағында найзағай ойнап, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Тегтер: