22 Маусым 14:51

Балқан түбегіндегі елдерде жарық сөніп қалды

тун
Фото: unn.ua

Балқан түбегіндегі бірнеше мемлекетте жарық жаппай сөніп қалды, деп хабарлайды 24. kz.

Астана, NEGE. Оған нақты не себеп болғаны ресми түрде әлі жария етілген жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша күннің ыстығынан электр желілерінің жүктемесі шамадан тыс артып кетсе керек. Жарықсыз қалған елдердің қатарында Босния және Герцговина, Албания, Хорватия мен Черногория,бар. Мұнда қазір күн ыстық. Енді дәрігерлер медициналық көмекке жүгінген азаматтар саны күрт арта ма деп алаңдаулы.

Гентияна, Подгорица тұрғыны:

"Қиын болды. Мынадай ми қайнатар ыстықта желдеткішті не кондиционерді қоса алмай әбден әбігерге түстік."