Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жазасын орташа режимдегі колонияда өтейтін болды

Сот депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты шешім шығарды.

Нұрасыл Болат
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алматыда Нұрасыл Болатқа қатысты іс қаралды. Сот оның қалған бас бостандығын шектеу мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы үкім шығарды.

Ол 1 жыл 5 айға бас бостандығынан айырылды. Енді ол жазасын орташа режимдегі колонияда өтейді. 

Айта кетейік, Нұрасыл Болат екі рет шартты жазаны өтеу тәртібін бұзған. Жақында ғана депутаттың ұлының түнде көшеде, кейіннен тойда, караоке жүрген видеосы тараған болатын. 

Естеріңізде болса, 2023 жылы ақпан айында Нұрасыл Болат заңгер Анна Димитриевич пен күйеуі Олег Чернов екеуін соққыға жыққан. Көп ұзамай оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. 

Қазір оқып жатыр

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант