Түркістандық студент «Coursera» платформасындағы үздік нәтижесі үшін министрдің қолынан Алғыс хат алды
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті Жібек Жорабай «Coursera» платформасындағы үздік нәтижесі үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қолынан Алғыс хат алды.
Түркістан, NEGE. ҚР ҒжЖБМ -нің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті және BMG UpSkill бірлескен «Coursera» платформасында білім алушылардың үлгерімін талдау қортындысын жариялаған еді. Нәтижесінде Ясауи университетінің студенті Жібек Жорабай жоғары нәтиже корсеткен студенттердің қатарынан көрінді.
Coursera платформасы – бұл әлемдегі ең үлкен платформа. Онда 177 жоғары оқу орнының 11 мыңға жуық курсы жүктелген. Coursera – 2012 жылы Стэнфорд профессорлары Дафне Коллер мен Эндрю Ын жасаған әлемдік платформа. Ол 77 миллионнан астам студенті біріктіріп, әлемдегі үздік университеттердің курстарынан өтуге мүмкіндік береді. Мұнда Йель немесе Стэнфорд, Калтех, Беркли және т.б. университеттердің курстарынан өтуге болады. Курстар білімнің барлық саласында қолжетімді. Платформадағы материалдар дәстүрлі оқыту формасына жақын: лекциялар, бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары, емтихандар. Егер студентке қандай да бір сұрақ түсініксіз болса, онда студенттер мен оқытушылар байланысатын арнайы форумда тақырыпты талқылауға мүмкіндік бар. Материалдың көп бөлігі ағылшын тілінде қолжетімді. Оны компьютерде де, телефон арқылы да оқуға болады.
Қазақстан 2023 жылдан бастап Coursera-мен бірлескен бағдарламаны жүзеге асырып келеді. Оның аясында біздің еліміз қазақстандық студенттер үшін 20 000 лицензия алады. Лицензиялар 25 аймақтық жоғары оқу орындары арасында бөлінеді, олар курстарды студенттер арасында таратады. Әр университетте жауапты тұлғалар тағайындалды, олар платформаға кіруге рұқсат алып, оқу процесін бақылап, студенттердің үлгерімін талдайды.
Талапты студент Жібек Жорабайдың бұл жетістігін министрлік бағалап, арнайы марапаттауға шешім қабылданды.
Марапатты ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астана қаласында өткен «Connected 2024: Innoveate. Educate. Elevete» конференциясында табыстады.
«Connected 2024» атты ауқымды іс-шара – мәдениет пен философия, табиғи үйлесім мен адами құндылықтар, технологиялар мен инновацияларға ғаламдық көзқараспен қарау арқылы болашақ бейнесін түсіну туралы халықаралық конференция. Оған әлемнің 20-дан астам елінен 1500-ге жуық делегат қатысты.
2024 жылғы 18-19 қазанда Астанада өткен «Connected-2024: келешектің бейнесін пайымдау» халықаралық конференциясы әлемге әйгілі сарапшылар бүкіл адамзаттың болашағы туралы көзқарастарын ұсынған бірегей алаңға айналды. Қазіргі заманның негізгі сын-қатерлері мен мүмкіндіктерін талдау мақсатында конференция жаһандық құндылықтарды ілгерілетудің маңыздылығына сенетін әлемнің әртүрлі елінен келген өзгеріс агенттерін, сондай-ақ білім мен сараптаманы саналы түрде қолдануды біріктірді. Connected конференциясы құндылықтардың немесе білімнің бір жүйесімен шектелмейді, бірақ ғылым мен өнерден философия мен әлеуметтік ғылымдарға дейінгі әртүрлі салалардың объективі арқылы көп қырлы әлемді ашық түрде зерттейді.
Осылайша, Жібек Жорабай конференцияға жиналған көпшіліктің алдында құрметке бөленді. Айта кетейік, Жібек Жорабай – Теология факультетіне қарасты Дінтану кафедрасының 2-курс студенті.