USD
USD
USD

Талғарда қамаудан қашып кеткен күдіктіге қатысты мәліметтер жарияланды

Алматы облысының Полиция департаменті уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдікті Бекарыс Сәбитұлы Қалмырзаевқа іздеу жариялады.

Бекарыс Сәбитұлы Қалмырзаев
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. «Алматы облысы Полиция департаменті Уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен 30.05.1998 жылы туылған Талғар ауданы, Тереңқара ауылы, Новостройка көшесі, №216-үй мекен-жайы бойынша тіркелген Бекарыс Сәбитұлы Қалмырзаевқа іздеу саламыз», - деп хабарлады Алматы облыстық ПД.

Бекарыс Сәбитұлы Қалмырзаев
Фото: Полиция

Сондай-ақ полиция іздеуде жүрген адам туралы қандай да бір ақпарат білген жағдайда келесі телефондар арқылы дереу хабарлауды өтінді: +7 727 727 90 44, +7 777 427 2915, +7 778 900 02 55 немесе 102.

Талғар аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторынан зорлау жасады деген күдікпен қамауда отырған азаматтың қашып кеткені белгілі болды. Негізгі жолдарға блок-бекеттер қойылып, қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш пен құралдар жұмылдырылды.

Жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев