22 Қазан 12:19

Танымал боксшы Дмитрий Бивол мен оның экс-жұбайының арасындағы дауға не себеп?

Бивол
Фото: ғаламтордан

Бокстан әлем чемпионы Дмитрий Бивол мен оның бұрынғы әйелі Екатерина Бивол арасында дау шықты. Екатерина Бивол экс-күйеуінің әлсіз тұстарын қарсыласы Артур Бетербиевке әшкерелеген деседі. 

Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев әлемдегі ең үздік 10 боксшының қатарында. 13 қазанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында жеңілмеген екі боксшы арасында  көптен күткен жекпе-жек өтті. Қос мықтының арасындағы жекпе-жек 12 раундқа созылды. Бұл таңқаларлық жағдай болды, өйткені олардың мансабындағы жекпе-жектердің көпшілігі мерзімінен бұрын аяқталатын. Төрешілердің бөлек шешімімен Артур Бетербиев жеңіске жетті.

Желіде Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі оның алғашқы жеңілісіне ерекше қуанды. Оның бұл реакциясы үлкен резонанс тудырған болатын. Сонымен қатар Екатерина Бивол тікелей эфирде бұрынғы күйеуіне қатысты ойын жеткізді. 

«Саған сол керек, ақымақ! Өзіңнің Мармараңа бар!», - деді Екатерина Бивол.

Екатерина Бивол бұл жеңілісті отбасын «лақтырған» бұрынғы күйеуіне жіберілген жаза деп атады. Ол керісінше, Артур Бетербиевтің жеңісі үшін қуанып, оған қошемет көрсетті. 

Бивол
Фото: инстаграм

Дмитрий мен Екатерина Биволдың ажырасуы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Бұл жағдай Биволдың кәсіби мансабына әсер етті. Этика, сенім және адалдық мәселелері жанкүйерлердің де, спорт мамандарының да назарында. Жеке өмірдегі психологиялық шиеленіс жақында болған жекпе-жекте Биволдың жеңіліп қалуына себеп болуы мүмкін. 

«Кейде жеңіс үшін бойыңдағы күш жеткіліксіз, оған таза ой да керек», - деді Дмитрий Бивол.

Дмитрий Бивол мен Екатирина Биволдың ортақ екі ұлы бар. Қазір олар Екатиринаның қолында. Алайда ол боксшының балаларына төлеп отырған алиментіне риза емес. Бұл туралы ол әлеуметтік желілерде және әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында айтып жүр.

Сондай-ақ, ол сұхбатта Дмитрий Биволдың жаңа сүйіктісі – Ирактың тумасы Мармар Аль-Хилали екенін мәлімдеді. Биволдың экс-әйелінің айтуынша, ол Дубайға тым жиі баратын. Басында оған қатты мән бермеген, тек ажырасқаннан кейін бірден сол жақтағы әйелімен болғанына көзі жеткен. 37 жастағы Мармар әлеуметтік желілерде танымал. Оның 1,4 миллионнан астам оқырманы бар. Қыз өзінің архитектурамен және "life-контентпен" айналысады.

Мармар Аль Хилали
Мармар Аль Хилали, Фото: әлеуметтік желіден

Сондай-ақ, экс-әйелі Дмитрий Биволдың оған қол көтергенін айтып, видеосын инстаграмм парақшасына салған.

Екатерина Биволдың Instagram парақшасынан
Фото: Екатерина Биволдың Instagram парақшасынан
@nepridumall7 Бивол 💔🥹#real #bivol #rek #fon #foryou ♬ som original - cold and unsure

Қазақстандық спортшылардың аталмыш дауға қатысты ойы қандай? Тілшімізге қазақстандық боксшы Мурсал Нұрбек пікір білдірді.

Мурсал Нұрбек 10 жылдан бері бокспен айналысып келеді. 2022 жылы Испанияның Ла-нусия қаласында өткен жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2023 жылы Астана қаласында өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған.

«Әрине, қателік екі тараптан да кетеді. Әйеліне қол көтеру дұрыс емес, олай істеу тек әлсіз еркектің қолынан келеді. Олардың арасында не болғанын толық білмейміз. Бивол өте талантты боксшы, өзін рингте керемет ұстайды. Ал жекпе-жекке келер болсақ, бұл жолы Артур басым түсті. Әрине, бұрынғы әйелімен арадағы болып жатқан жағдай өте қиын. Биволға басқа әйел лайық деп ойлаймын», - деді Мурсал Нұрбек.

Автор: ЗЕРЕ НАРБЕКОВА