11 Қараша 15:10
...

Сәтбаев қаласында ақбөкен аулады деген күдіктілер ұсталды

Фото:

Сәтбаев қаласында полиция қызметкерлері 23 ақбөкеннің ұшасын тапты. Атылған ақбөкендер қаланың аумағында орналасқан жеке үйдің гаражынан табылды, деп жазды BAQ.KZ.

Алматы, NEGE. Оқиға орнын қарау кезінде одан басқа 6 терісі мен 10 ақбөкен мүйізі, 3 тегіс ұңғылы мылтық, 54 патрон, Nissan Patrol маркалы автомашина табылып, тәркіленді.

 33-40 жас аралығындағы үш күдікті ер адам ұсталды, олардан заттай дәлелдемелер тәркіленді, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігімен бойынша қылмыстық іс қозғалды.     .

Тегтер: